ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БIЛIМДI РЕФОРМАЛАУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАР ҰЛТТЫК КОМАНДАСЫ (ЖБРС ҰК)

КОМАНДА МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықта Болон үдерісінің принциптерін ескере отырып, елдегі жоғары білім беруді жаңғырту процестерін қолдау.
ЖБРС ҰК құрамында – жоғары білім саласында әртүрлі деңгейде - ректорлар, проректорлар, кафедра меңгерушілері, бөлімдер мен басқармалар басшылары ретінде айтарлықтай тәжірибесі бар кәсіби мамандар бар. Сарапшылардың кең тәжірибесі мен білімі, олардың ашықтығы мен ынтымақтастыққа дайындығы академиялық қоғамдастықпен олардың қызметтерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сарапшылардың басым бөлігі - Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің, басқа да ұлттық ұйымдардың жұмыс топтарының мүшелері. 5 сарапшы маңызды нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша Парламент пен Білім және ғылым министрлігі жанындағы жұмыс топтарының тұрақты мүшелері болып табылады. Команда мүшелері ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларда спикерлер және сессия модераторлары ретінде ұсынылған.

ЖБРС ҰК қызметі

Команда Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің қолдауымен 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Өткен кезеңде команда мүшелерімен жазғы және қысқы мектептер, аймақтық семинар-тренингтер арқылы ҚР ЖОО басшылары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. Олардың тақырыптары ЖОО – ның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрылды - Стратегиялық жоспарлау, Біліктілік шеңберлері, Сапаны қамтамасыз ету, Студентке бағытталған оқыту, Университеттердің автономиясы, ЖОО-ның Академиялық саясаты, Формалды және бейресми оқытуды тану және т. б. Іс-шараға ҚР 15 өңірінен келген 63 ЖОО-ның 3200-ден астам оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.
Команданың қызметі Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша талдаулар мен жарияланымдарды қамтиды. Сарапшылар мақалаларының толық мәтіндерімен «Жарияланымдар» бөлімінен танысуға болады.

КОМАНДАНЫҢ КҰРАМЫ


М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор, ЖБРС ҰК Бақылау кеңесінің төрағасы

Мамандануы: Жоғары білім беру жүйесін ұлттық деңгейде басқару. ECTS.
E-mail: somirbaev@mail.ru

Команда төрайымы

Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғылыми зерттеулер және технологияларды дамыту орталығының директоры, т. ғ. к., доцент

Мамандануы: Практика-бағдарланған оқыту
E-mail:
m.aliyarova@aues.kz


ҚР БжҒМ Жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білім департаменті директорының орынбасары, тарих ғ.к., доцент

Мамандануы: Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар.
E-mail: b.narbekova@edu.gov.kz

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының кеңесшісі, п.ғ.д., профессор

Мамандануы: Жоғары білім беру жүйесін институционалдық деңгейде басқару.
E-mail: cbpiam@n-k.kz


Халықаралық бизнес университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор.

Мамандануы: Академиялық саясат.
E-mail: uib@uib.kz

Нархоз университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессор.

Мамандануы: Стратегиялық жоспарлау.
E-mail: ssvyatov@mail.ru


Нархоз университеті Сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық даму басқармасының басшысы, п.ғ.к., доцент.

Мамандануы: Білім беру сапасын қамтамасыз ету.
E-mail: marina.skiba@narxoz.kz

Басқарма төрағасының орынбасары / «М. С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті» АҚ провосты, PhD

Мамандануы: Білім беру сапасын қамтамасыз ету.
E-mail: m_daulenov@kazguu.kz


Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы

Мамандануы: Әлеуметтік инклюзия, педагогикалық кадрларды даярлау
E-mail: asagintayeva@nu.edu.kz

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті информатика кафедрасының профессоры

Мамандануы: Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, инклюзивті білім беру.
E-mail: mansurova.madina@gmail.com


Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 6-курсының педиатр-интерні, Қазақстандық медициналық жастар ұйымының бақылау комитетінің мүшесі (ҚМЖҰ)

Мамандануы: Студенттерді қолдау және студенттік өзін-өзі басқару.
E-mail: kabdullina.kk@gmail.com

КИМЭП Университетінің Есеп және қаржы кафедрасының ассистент-профессоры

Мамандануы: Ұлттық біліктілік шеңбері
E-mail: zsyzdykov@gmail.com


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, п. ғ. к.

Мамандануы: Оқу процесін басқару: мазмұны мен технологиялары.
E-mail: skerimkulova@nu.edu.kz

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP