Қазақстан Республикасы және Болон үдерісі
Қазақстан Республикасы Болон үдерісі мен жоғары білім беру Еуропалық кеңістігінің Орталық Азиядағы алғашқы толыққанды мүшесі. 2010 жылы 11 наурыз Болон үдерісіне қатысушы елдердің Білім министрлігінің шешімі бойынша Болон Декларациясына қол қойылған күн ретінде қазақстандық жоғары білімнің тарихына енді (46 ел).
Қазақстан Республикасы Болон үдерісінің 47 қатысушы елі болды. Қазақстанның Болон үдерісіне қатысудағы мақсаты –еуропалық білім беру жүйесіне қол жеткізу, білім берудің сапасын арттыру, жоғары білім берудің сәйкес жүйесін қабылдау арқылы студенттер мен оқытушылар құрамының тұтастығын арттыру, кредиттер жүйесін қолдану, қазақстандық оқу орындарының бітірушілеріне жалпыеуропалық диплом қосымшасын беру.
Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы қазақстандық білім беру бағдармаларының, оқу жоспарларын, студенттер мен оқытушылардың академиялық тұтастығын , еуропалық аймақтарда отандық дипломдардың айналымдылығын, кез келген елде жұмысқа тұру мүмкіндігін мойындатуды қамтамасыз ете алады.
Қазақстан Республикасының Болон Декларациясына қол қоюы оның негізгі параметрлерінің орындалуы бойынша міндеттердің орындауын түсіндіреді.
Болон үдерісінің негізгі құжаттары
Оқытуды жетілдірудегі ұтқырлық. ЖБЕК 2020 ұтқырлық стратегиясы.