ЭРАЗМУС МУНДУС БІРЛЕСКЕН МАГИСТРЛІК ДӘРЕЖЕЛЕРІ

Эразмус Мундус бірлескен магистрлік бағдарламасы (ЭМ БМБ) - жоғары оқу орындарының халықаралық консорциумы бірлесіп іске асыратын беделді интеграцияланған халықаралық білім беру бағдарламасы. Магистрант кем дегенде Бағдарламаның әр түрлі елдерінің екі жоғары оқу орнында оқиды.

Ұзақтығы
ЭМ БМБ - бұл ECTS 60, 90 немесе 120 кредитіне арналған білім беру бағдарламасы. Бұл дегеніміз, оқыту 12 айдан 24 айға дейін созылады.

Академиялық нәтиже
Білім беру бағдарламасының табысты аяқталуы екі немесе одан да көп университеттердің бірлескен дипломына немесе осы жоғары оқу орындарының жеке дипломдарына жол ашады.

Қаржылық қолдау
ЭМ БМБ стипендиясы қатысу шығындарын, соның ішінде оқу ақысын, кітапхана және зертханалық шығындарды, сақтандыруды, жол жүру мен жайластыру шығындарын, сондай-ақ оқудың барлық мерзіміне ай сайынғы жәрдемақыны қамтиды.

Шарттары
Әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер оқуға түсуге өтініш бере алады. Сіздің жоғары біліміңіз болуы қажет немесе ұлттық заңнамаға және тәжірибеге сәйкес танылған баламалы оқу деңгейіңізді көрсетуіңіз тиіс. Оқуға түсушілерге қойылатын басқа талаптар әрбір бағдарламаның сайтында көрсетілген және өзгеше болуы мүмкін.

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Студенттер ЭМ БМБ онлайн-каталогымен танысып, өтінім беру курстары мен рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін білім беру бағдарламасын ұсынатын консорциуммен байланысуы керек.

Бағдарламалар каталогымен мына жерден https://eacea.ec.europa.eu/erasmus-plus/library/catalogue_en танысуға болады. Каталог жыл сайын қазан айында жаңартылады. ЭМ БМБ бағдарламаларына түсуді өтініш беруші өз бетінше, тиісті бағдарламалардың сайттары арқылы жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру мерзімі әр бағдарламаның сайтында көрсетілген және әр түрлі болуы мүмкін.

Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі студенттерге жеке кеңес бермейді. Ұжымдық ақпараттық сессияларды өткізу туралы алдын ала сайтта «Жаңалықтар» бөлімінде және Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің Facebook парақшасында хабарланады.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Сіз көптеген сұрақтарға жауапты біздің вебинарды қарап аласыз.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP