ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ

Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде серіктес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға болады.

ЖБӘА жобалары - бұл Бағдарламаның 34 елінен және 150-ден астам серіктес елдерден жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестіктерге негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Эразмус+ бағдаарламасына қаржылық үлес қосатын Бағдарлама Елдері - бұл ЕО-ға мүше 28 мемлекет, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы Югославия республикасы Македония. Қазақстан бағдарламаның осы құрауышына қатыса алатын серіктес елдерге жатады.

ЖБӘА жобалары келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жоғары білімнің модернизация, инновация және қол жетімділігін қолдау;
  • жоғары білім берудің сапасын және оның еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру, жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарын жедел және стратегиялық басқаруды ұйымдастыру мен жоспарлау және ЖОО-ларды интернационалдандыру;
  • ЕО мен тиісті серіктес елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы құзыреттілік деңгейін арттыру;
  • бірлескен бастамалар мен озық тәжірибе алмасу арқылы әлемнің түрлі өңірлерінің өңірлік және өңіраралық интеграциясы мен ынтымақтастығына жәрдемдесу.

ЖБӘА жобаларының екі түрі бар: бірлескен және құрылымдық.

Бірлескен жобалар оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқытудың заманауи әдістерін әзірлеуге және жаңғыртуға, оқу-материалдық базаны жаңартуға бағытталған.

Бірлескен жобалар үшін қызметтің үш санаты қарастырылған:

  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • Жоғары оқу орындарының қызметін және менеджментін жетілдіру;
  • Жоғары оқу орындары мен экономикалық және әлеуметтік орта арасындағы байланысты нығайту

Құрылымдық жобалар, бірлескен жобаларға қарағанда, жалпы жоғары білім беру жүйесіне және серіктес елдерде аймақтық немесе ұлттық деңгейде реформаларды ілгерілетуге ықпал етуге бағытталған. Құрылымдық жобаларды іске асырудың міндетті шарты ұлттық басқару органдарының (Білім және ғылым министрлігінің) қатысуы болып табылады. Құрылымдық жобалар үшін қызметтің екі санаты қарастырылған:

  • жоғары білім беру жүйесін басқару және саясатты жаңғырту;
  • жоғары білім беру жүйесі мен неғұрлым кең экономикалық және әлеуметтік орта арасындағы байланысты нығайту.

Жобалар серіктес елдер үшін әрбір санат бойынша анықталған ұлттық/өңірлік басымдықтарға сәйкес келуі тиіс.

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

  1. Кандидаттардың ECAS (Еуропалық комиссияның аутентификация қызметі) есептік жазбасы және PIC нөмірі болуы тиіс. Егер сіздің ЖОО-да қазірдің өзінде ECAS есептік жазбасы және PIC нөмірі бар болса сіз оларды пайдалана аласыз, егер жоқ болса сізге тіркелу керек. Әрбір кандидат ұйымның тек бір ғана PIC нөмірін пайдалануы тиіс екенін ескере отырып, алдымен ЖОО-да осындай нөмірдің бар-жоғын анықтау үшін сіз өзіңіздің ЖОО-ның халықаралық/заң бөлімімен хабарласыңыз немесе келесі іздеу құралын пайдаланыңыз: http://ec.europa.eu/research/participants/portal/desktop/en/organisations/register_sec.html  
    ECAS есептік жазбасын жасау және PIC нөмірін алу - бейне нұсқаулығы: https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=q7LKyBoBKDw
    Тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: https://webgate.ec.europa.eu/cas/eim/external/register.cgi
  2. PDF (eForm) форматындағы ресми электрондық нысанын жасаңыз https://eacea.ec.europa.eu/PPMT/.. ЖБӘА жобалары үшін өтінімнің дұрыс нысанын пайдаланыңыз.
  3. eForm толтырыңыз (жобаның деректері - A, B, C бөліктері). Келесі міндетті қосымшаларды толтыруды және бекітуді ұмытпаңыз:
    - Жобаның толық сипаттамасы (Word форматында) - D, E, F, G, H, I бөліктері
    - Бюджетті есептеу (Excel форматында))
    - Сканерленген Ар-намыс декларациясы және мандаттар (бірыңғай PDF құжатта)
  4. Сіз eForm толтыруын аяқтағаннан кейін және қосымшаларды бекіткеннен кейін «Validate» түймесін басыңыз. Бұл барлық қажетті алаңдардың толтырылғанын хабарлайтын автоматты тексеруге бастамашылық етеді. Егер солай болса, сіз сол нысандағы түймені басу арқылы өтінімді онлайн жібере аласыз.
  5. Өтінім онлайн берілгеннен кейін өтінім беруші ұйым электрондық пошта арқылы растауды және өтінімнің тіркеу нөмірін алуы тиіс.

ӨТІНІМ НЫСАНЫ - ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰРАМЫ

  1. eForm (PDF құжаты)
    A. Өтініш берушінің және басқа серіктестердің деректері
    В. Жобаның сипаттамасы (жиынтық ақпарат)
    C. ЖБӘА-ға байланысты нақты ақпарат
  2. Жобаның толық сипаттамасы (Word құжаты)
    D. Жоба командасы және ынтымақтастық механизмі
    E. Жобаның сипаттамалары мен өзектілігі
    F. Жобаны жобалау және іске асыру сапасы
    G. Әсері, таралуы және қолданылуы, тұрақтылығы; логикалық-құрылымдық матрица; жұмыс жоспары
    H. Жұмыс пакеттері
    I. ЕО басқа да гранттары
  3. Бюджет кестесі (Excel құжаты)
  4. Ар-намыс декларациясы + мандаттар (бір PDF құжатта)

Қосымшалардың нысандарын, толтыру үлгілерін, сондай-ақ өтінім беру жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығын және құжаттар пакетін толтыру жөніндегі нұсқаулықты конкурс басталғанын жариялағаннан кейін Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің (EACEA) сайтынан http://eacea.ec.europa.eu табуға болады.
Өтінімдерді беру мерзімі жыл сайынғы «Конкурс туралы хабарландырудың» мәтінінде көрсетіледі.

Аяқталған және ағымдағы жобалар туралы ақпаратпен Эразмус+ жобалары нәтижелерінің платформасында танысуға болады

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,

9-шы блок, 225-226 кеңсе,.

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645

E-mail: neo@erasmusplus.kz 

nc@erasmusplus.kz

Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

.

Copyright © 2019 National Erasmus+ office in Kazakhstan. All Rights Reserved. Designed By © Belight LLP