10
April
2017

«Ұлттық біліктілік шеңберінің жоғары білім саясатын реформалау аясындағы рөлі» халықаралық семинар

«Ұлттық біліктілік шеңберінің жоғары білім саясатын реформалау аясындағы рөлі» халықаралық семинар

Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық Кеңсесі ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен бірлесіп, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы агенттігінің (EAСEA) қолдауымен 2017 ж. 19-21 сәуір күндері «Ұлттық біліктілік шеңберінің жоғары білім саясатын реформалау аясындағы рөлі» атты халықаралық семинарын өткізді.

Семинарға Еуропалық сарапшылар Барбара Келли (Barbara Kelly), Біліктілік Агенттігінің (Ирландия) Сапа мен жетілдіру қызметінің директоры және Фолькер Гемлих (Volker Gehmlich), Қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) профессоры, мүдделі ұйымдар мен Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері, жоғары білім реформалау сарапшылары, жоғары оқу орындары мен Өзбекстан және Тәжікстан Ұлттық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты: - Қатысушыларды Еуропалық Одағы Ұлттық біліктілік шеңбері мақсаттары, принциптері және тәсілдерімен таныстыру негізінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан Ұлттық біліктілік шеңберлерін одан әрі дамуына ықпал ету, әзірлеу, іске асыру және сапаны қамтамасыз ету.

- Ұлттық біліктілік шеңбері әзірлеу және іске асыру аясында Орталық Азия үш ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Өткізілетін орны - Алматы қ., Жандосов көшесі, 55, Нархоз университеті, №11 Конференц- залы.

Семинардың бағдарламасы

Семинардың материалдары – ағылшын тілінде

Фото:

 

 

 

 

Categories: Жаңалықтар

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
392
1625
7679
19807
1144051

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.