19
May
2017

Еуропа Күнін мерекелеу аясындағы Еуропалық Одағы жобаларының көрмесі - 2017

Еуропа Күнін мерекелеу аясындағы Еуропалық Одағы жобаларының  көрмесі - 2017

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ (ЕО) Өкілдігі 2017 жылы Еуропа Күнін мерекелеу аясында 31 мамыр күні ЕО жобаларының көрмесін өткізуде.

Еуропа Күні жыл сайын 9 мамыр күні Еуропадағы бейбітшілік пен бірлікке арналып атап өткізіледі. Осы оқиғаны Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі 1999 жылдан бастап Еуроoдақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың, еуропалық білім және Еуропалық одағына мүше мемлекеттердің мәдениеттерін дамыту саласындағы іс-шаралар жиынтығы арқылы жыл сайын атап өтуде.

Қазақстанда және әлемде ЕО құндылықтары мен әрекеттерін қолдау мақсатымен Еуроодақ қаржыландыратын Темпус және Эрасмус+ бағдарламасының Жоғарғы білім берудің мүмкіндігін арттыру және халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларына қатысушы Қазақстанның жоғары оқу орындары көрмеге қатысу туралы шешім қабылдады.

Көрме мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Ұлы Дала даңғылы, 9, «Astana Ballet» театры (1- ші қабат), 2017 ж. 31 мамыр күні сағат 17.00-ден 19.00-дейін өтеді.

Көрмеге Қазақстанның келесі жоғары оқу орындары қатысады: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, КИМЭП Университеті, Астана медицина университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті. Олар өздерінің жобалар бойынша дайындалған жобалары туралы баспа және электрондық ақпарат, фото-, бейне-материалдар, брошюралар, буклеттер, кітаптарымен таныстырады.

Көрмеде мына жобалар қатысатын болады: WELCOME, ENINEDU, ENINEDU, STUDIK, LMPI, PROMIS, TREASURE-WATER, CACTLE, APPLE, DOCMEN, TUTORIAL, IQAT, TradPro, TAME, CANERIEH.

Categories: Жаңалықтар

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
221
1009
4239
17886
1212187

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.