24
May
2017

«Қазіргі заман тәсілдеріне сәйкес мұғалімдерді дайындау оқу бағдарламасының мазмұнын жаңарту» атты халықаралық семинары

«Қазіргі заман тәсілдеріне сәйкес мұғалімдерді дайындау оқу бағдарламасының мазмұнын жаңарту» атты халықаралық семинары

Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық Кеңсесі ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен бірлесіп, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы агенттігінің (EAСEA) қолдауымен 2017 ж. 14-15 маусым күндері «Қазіргі заман тәсілдеріне сәйкес мұғалімдерді дайындау оқу бағдарламасының мазмұнын жаңарту» атты халықаралық семинары өтеді. Семинар Тараз қаласында М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтеді.

Семинардың мақсаты

  • қатысушыларды еуропалық педагогикалық практикаларындағы білім беру бағдарламалары мен әдістемелерді дайындауына ерекше назар аударып, қазіргі заман беталыстарымен таныстыру;
  • Қазақстанда білім беру және оқытудың әдіснамасы және педагогикалық кадрларды дайындау білім беру бағдарламаларын қайта қарастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинарға еуропалық сарапшы Ханнеле Ниеми (Hannele Niemi), Хельсинки университетінің профессоры (Финляндия) қатысады.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар ұлттық тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, оқу жұмысы жөніндегі проректорлар, білім беру бағдарламалардың басшылары.

Өткізу орны - М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 7, Тұңғыш Президент Залы.

Categories: Жаңалықтар

Присоединяйтесь к нам

Мы в Социальных сетях. Подписывайтесь на нас и оставайтесь в курсе новостей.
Эразмус+ Қазақстанда
mod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcountermod_jvcounter
397
1625
7684
19812
1144056

Веб-сайт Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде дайындалған, даму мәсәлелері мен ынтымақтастық жөніндегі Бас Директораты – EuropeAid және кеңейту мәселелері жөніндегі Бас Директораты қаржыландырады. Веб-сайттағы ақпараттар тек авторлардың пікірлерін көрсетеді. Веб-сайтта орналасқан ақпараттардың кез келген қолданылуын Атқарушы Агенттігі және Еуропалық Комиссия өз жауапкершілігіне алмайды.