"COVID-19 пандемия және постпандемия жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері" аймақтық вебинары
2020 жылы 1 шілдеде Қазақстанда жоғары білім беру саласын қайта реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасы Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесімен бірлесіп «Covid-19 пандемия және постпандемия жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында аймақтық вебинар өткізді.
Семинардың мақсаты – COVID-19 пандемия және постпандемия жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді талқылау және оларды шешудің жалпы тәсілдерін анықтау
Мақсатты аудитория: оқу ісі, ғылым жөніндегі проректорлар, сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, Ақпараттық технологиялар департаменттерінің басшылары, оқытушылар, ЖОО қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар.
МОДЕРАТОР:
Мансұрова Мадина Есімханқызы, Қазақстанда жоғары білім беру саласын қайта реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасының төрағасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі.
СПИКЕРЛЕР:
Өмірбаев Серік Мәуленұлы, Astana IT University стратегия мен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры, Қазақстанда жоғары білім беру саласын қайта реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасы Бақылау кеңесінің төрағасы.
Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы, Халықаралық Бизнес Университетінің (UIB) Президенті, Қазақстанда жоғары білім беру саласын қайта реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасының мүшесі.
Скиба Марина Александровна, Нархоз университеті ректорының кеңесшісі, Қазақстанда жоғары білім беру саласын қайта реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасының мүшесі.
Вебинар мәліметтеріне сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1Cckn3glnik67pw4Foz9zuZdRogzIXPlL
Вебинар видеожазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=4mRQU6MwNf8&feature=youtu.be