“Welcome to Erasmus+ family” кеңес беру сессиясы
12 қаңтар 2021 ж. Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі ЖБӘА жобаларының жаңа командаларына арналған онлайн форматта “Welcome to Erasmus+ family” атты кеңес беру сессиясын өткізді.
Мақсаты: Жоба мүшелерінің арасында ақпарат пен тәжірибе алмасу, өзара әрекеттестік және ымыраластықты күшейтіп, жобаларды жүзеге асырудағы жалпы тиімділікті арттыру.
Міндеттері:
- Жаңа жобалардың топ мүшелерін жобаны жүзеге асырудағы ережелер мен процедуралармен таныстыру.
- Жүйелі түрде зерттеу сұрақтарын сүймелдеу, жоба танымалдығы мен ықпалын арттыру, сонымен қатар жоба нәтижелерінің таралуын қамтамасыз етуде ЭҰК рөлі мен қолдауы туралы ақпараттандыру.
- Жоба мониторингтеріне дайындық пен өткізудің жаңа тәртіптермен таныстыру.
Қатысушылар: 22 ЖОО мен 3 колледжден 11 ЖБӘА Эразмус+ жаңа жобаларының 97 алдын-ала тіркелген өкілдері, соның ішінде 3 ЖОО алғаш рет жобаға қатысуда (С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті).
Сессия материалдары келесі сілтеме бойынша https://drive.google.com/