Аймақтық кластерлік кездесу «Орталық Азиядағы Эразмус+ Жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларының ықпалы»
19-20 қазан 2020 жылы «Орталық Азиядағы (ОА) Эразмус+ Жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларының (ЖБӘА) ықпалы» аймақтық онлайн кластерлік кездесуі өтті.
Кездесу Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігімен (EAСEA), Білім және мәдениет бойынша бас директораты (DG EAC) мен Орталық Азияның 5 мемлекетіндегі Эразмус+ Ұлттық кеңселерімен (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты ОА-ның әр еліндегі ЖБӘА жобаларының аймақтық деңгейдегі ықпалы мен нәтижелерінің тұрақтылығын анықтау.
Кластерлік кездесу жұмыстарына 340 адам қатысты. Жоғарыда аталған ұйымдардан басқа кездесуге Халықаралық қатынастар мен дамудың бас директораты (DEVCO), Өзбекстандағы Еуропалық Одақтастықтың өкілдері, Орталық Азиядағы білім және ғылым министрліктерінің жоғарғы басшылары, Бағдарлама елдерінің Ұлттық Агенттіктері, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркменстан елдерінен ЖБӘА жобаларының жетекшілері мен қатысушылары және ОА елдері Сарапшыларының Ұлттық командалары ат салысты.
Сессия материалдары келесі сілтеме бойынша https://erasmusplus.kg/ca_cluster_meeting/