Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күндері
2021 жыл 13 және 15 қаңтар күндері Бағдарламаның онлайн форматта «Жан Моне» және «Эразмус Мундус Бірлескен магистрлік дәрежелері» компоненттеріне арналған ақпараттық күндері өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің (EAСEA) демеулігімен ұйымдастырылды.
Мақсаттары:
«Жан-Моне» бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілерді жаңа тәртіптермен таныстырып, практикалық ұсыныстар беру.
ЭМ БМБ бағдарламасы бойынша грантқа түсуге тілек білдірушілерді жаңа тәртіптермен таныстырып, практикалық ұсыныстар беру.
13 қаңтар 2021 жыл Ақпараттық күнінің материалдары
15 қаңтар 2021 жыл Ақпараттық күнінің материалдары