Сіз Эразмус+ бағдарламасының «Жоғары білімнің әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыру үшін грант алдыңыз және осы сәттен бастап сіздің жобаңыздың дамуына бағдарламаның қосатын үлесін барынша атап өту қажет. Бұл талап Грант туралы келісімде қамтылған және оны мұқият оқып шығуды ұсынамыз.
Жобалардың танымалдылығына қатысты негізгі ережелерді келесідей тұжырымдауға болады:
Кез келген жобаның міндеттерінің бірі – оның нәтижелерін: жаңа бағдарламаларды, оқу материалдарын, табысты тәжірибені, басқа да өңделген өнімдерді мүдделі тараптардың өкілдеріне жеткізу. Қажетті ақпаратты нақты мақсатты топтарға жеткізудің қарапайым, түсінікті және сенімді жолын табу қажет. Сондықтан көптеген жобалар жетістігінің маңызды факторы - ақпаратты таратудың тиімді стратегиясының болуы және іс жүзінде іске асырылуы.
Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесі жобалар командасы мүшелерінің назарына ақпаратты тарату стратегиясы мен жобалардың нәтижелерін әзірлеуге және іске асыруға тәжірибелік кеңестер ұсынады. Оларды дайындау барысында Салли Хармсуорт (Sally Harmsworth) және Сара Турпин (Sarah Turpin) дайындаған «Ақпаратты таратудың тиімді стратегиясын әзірлеу. Білім беруді дамыту жобаларына арналған кеңейтілген интерактивті құрал» (Creating an Effective Dissemination Strategy. An Expanded Interactive Workbook for Educational Development Projects) жарияланымдарының материалдары пайдаланылды.
Олар командаларға жоғары білім беруде нақты өзгерістерді жүзеге асыруға, институционалдық және құрылымдық деңгейлерде жобалардың әсерін кеңейтуге және тереңдетуге көмектеседі деп үміттенеміз.
“Егер білім беру тәжірибесінде кең таралған табысты тәжірибеге жауап ретінде өзгерістер болса, таратуды табысты деп санауға болады”
«Тарату» термині жобалау қызметінде кеңінен қолданылады және негізінен «хабарламаларды жеткізу және алу», «жеке адамды процеске тарту», «процесс немесе өнім трансферті»дегенді білдіреді.
Үш таралу деңгейін бөледі:
1. Хабардарлықты арттыру үшін тарату.
Егер адамдар сіздің жобаңыздың қызметі, оның мақсаттары, іс-шаралары мен нәтижелері туралы жалпы хабардар болсын десеңіз, бұл түрі «бейнені» жасауға және қауымдастықта жобаның танылуын арттыруға көмектеседі.
2. Түсіну үшін тарату.
Тарату процесінде тікелей өзара іс-қимыл жасау маңызды, және сіздің ойыңызша, жоба ұсына алатын нәрселерді пайдалана алатын топтарға/мақсатты аудиторияларға арналған. Сондықтан бұл топтар жобаның аспектілерін егжей-тегжейлі білулері қажет.
3. Жұмылдыру және әрекет жасау үшін тарату.
Тиісті деңгейде өз өкілеттіктері шеңберінде «әсер етуі» және «өзгерістер енгізуі» мүмкін адамдар мен топтарға бағытталған. Дәл осы топтардың өкілдерін нақты өзгерістер алу үшін біліммен, дағдымен және жобаның мәнін түсінумен қаруландыру қажет.
Әрбір жоба таратудың барлық үш деңгейін пайдаланады және олардың әрқайсысын кезең-кезеңмен өтеді. Әрбір жобаның ең басында әлеуетті мақсатты аудиторияның жобаның мақсаттары мен міндеттерімен ТАНЫСУЫНА қол жеткізу қажет, кейіннен олар ТҮСІНУ үшін неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүдделі болады. Осы екі кезеңде де тарту (қатысу) ӘРЕКЕТ ЕТУ таратудың негізін құрайды.
Дайындық жұмысын аяқтағаннан кейін тарату стратегиясын әзірлеуге кірісіңіз. Оның келесі құрылымы болуы мүмкін:
Егер сіз тарату стратегияңыздың табысты болғанын қаласаңыз, ал команданың әрбір мүшесі өзінің оған қатысқанын сезінсін десеңіз, әрбір адам стратегияны іске асырудың нақты аспектісіне жауап беру үшін тарату стратегиясын әзірлеудің барлық кезеңдерінде команда мүшелерін тартуға тырысыңыз
Тәжірибе көрсеткендей, қисынды дәйекті стратегияны әзірлеу, егер ол нақты іс-шаралар кешені түрінде тұжырымдалмаса, әрдайым оны тиімді іске асыруға әкеп соқпайды. Оны әзірлеу үшін келесі құрылымды пайдалануға болады:
Тарату стратегиясы, егер оны үздіксіз, дамушы процесс ретінде қарастырса, тиімді болады.
Мақсаттарды тұжырымдай отырып, жобаның табыстылығы нені білдіретіндігін, оның қалай көрінетіндігін анықтау маңызды. Сондықтан, соңында командамен бірлесе отырып, таратудың табыстылығын қандай өлшемдер бойынша бағалайтыныңызды ойлаңыз.
Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,
9-шы блок, 225-226 кеңсе,.
Тел.: +7 727 3118643 +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.
.