Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде серіктес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға болады.
ЖБӘА жобалары - бұл Бағдарламаның 34 елінен және 150-ден астам серіктес елдерден жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестіктерге негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Эразмус+ бағдаарламасына қаржылық үлес қосатын Бағдарлама Елдері - бұл ЕО-ға мүше 28 мемлекет, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы Югославия республикасы Македония. Қазақстан бағдарламаның осы құрауышына қатыса алатын серіктес елдерге жатады.
ЖБӘА жобалары келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
ЖБӘА жобаларының екі түрі бар: бірлескен және құрылымдық.
Бірлескен жобалар оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқытудың заманауи әдістерін әзірлеуге және жаңғыртуға, оқу-материалдық базаны жаңартуға бағытталған.
Бірлескен жобалар үшін қызметтің үш санаты қарастырылған:
Құрылымдық жобалар, бірлескен жобаларға қарағанда, жалпы жоғары білім беру жүйесіне және серіктес елдерде аймақтық немесе ұлттық деңгейде реформаларды ілгерілетуге ықпал етуге бағытталған. Құрылымдық жобаларды іске асырудың міндетті шарты ұлттық басқару органдарының (Білім және ғылым министрлігінің) қатысуы болып табылады. Құрылымдық жобалар үшін қызметтің екі санаты қарастырылған:
Жобалар серіктес елдер үшін әрбір санат бойынша анықталған ұлттық/өңірлік басымдықтарға сәйкес келуі тиіс.
Қосымшалардың нысандарын, толтыру үлгілерін, сондай-ақ өтінім беру жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығын және құжаттар пакетін толтыру жөніндегі нұсқаулықты конкурс басталғанын жариялағаннан кейін Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің (EACEA) сайтынан http://eacea.ec.europa.eu табуға болады.
Өтінімдерді беру мерзімі жыл сайынғы «Конкурс туралы хабарландырудың» мәтінінде көрсетіледі.
Аяқталған және ағымдағы жобалар туралы ақпаратпен Эразмус+ жобалары нәтижелерінің платформасында танысуға болады
Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,
9-шы блок, 225-226 кеңсе,.
Тел.: +7 727 3118643 +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.
.