Жан Моне бағдарламасының қызметі Еуропалық Одақтың проблемалары саласындағы зерттеулерді дамытуға және қолдауға бағытталған. Бағдарлама әртүрлі пәндер шегінде жоғары білім беру деңгейінде еуропалық интеграциялау үдерістерін оқыту және зерттеудің, сондай-ақ мақсатты топтардың кең көлемі үшін озық тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. Олар сол сияқты жаһандық әлемде ЕО рөліне және еуропалық елдерде азаматтық ұстанымды белсенді жылжыту және халықтар мен мәдениет арасындағы диалогта ЕО рөліне қатысты.
Жан Моне бағдарламасы:
Келесі аспектілерге ерекше назар аударылады:
Жан Моне бағдарламасы негізгі үш компоненттерден тұрады:
1. Оқыту және зерттеу
2. Саясат саласындағы пікірталастар және диалог
3. Қауымдастықтарды қолдау
Еуропалық интеграциялау процесстерін, өңірлік, ұлттық ғылыми және осы саладағы материалдық ресурстарды меңгеруге әсер ету мақсатында ЕО проблемасының зерттеулерінде мамандандырылатын профессорлар және зерттеушілер қауымдастығын қолдау. Қызмет жыл сайынғы кездесулерден, ақпараттық бюллетендерден, іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстан және т.б. тұруы мүмкін. Грнаттың ең үлкен көлемі – үш жылға 50 000 еуро.
Жан Моне бағдарламасына қатысу үшін әлемнің кез-келген мемлекетінде орналасқан жоғарғы оқу орындары өтінім бере алады. Қауымдастықтар, желілер және Жан Моне жобалары үшін өтінім беруші ретінде еуропалық интеграциялау проблемасымен белсенді айналысатын ұйымдар болуы мүмкін
Өтінім беру мерзімі «Конкурс туралы хабарламалар» жыл сайынғы мәтінінде көрсетіледі.
Аяқталған және ағымдағы жобалар жөнінде ақпаратпен Эразмус+ жобалары нәтижелерінің платформасында және Жан Моне ақпарат каталогынан танысуға болады.
Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,
9-шы блок, 225-226 кеңсе,.
Тел.: +7 727 3118643 +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.
.