ТЕМПУС - 2013 жылға дейін әрекет еткен, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі елдері арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы серіктес елдерде жоғары білімді жаңғырту үдерістерін қолдауға бағытталған Еуропалық одақ бағдарламаларының бірі. Кейіннен Темпус бағдарламасының компоненттері Эразмус+ бағдарламасына кірді.
Темпус бағдарламасы аясында жобалардың үш түрін қаржыландыру жүзеге асырылды:
Қазақстанда Темпус бағдарламасы 1995 жылдан 2013 жылға дейін жұмыс істеді. Жалпы алғанда, барлық кезеңде қазақстандық серіктестердің (23 ұлттық және 53 өңірлік) қатысуымен жалпы сомасы 54 миллион еуродан астам 76 жоба қаржыландырылды. Оған 46 университет және 48 академиялық емес серіктес қатысты.
* БЕЖ - Бірлескен Еуропалық жобалар, БЖ-бірлескен жобалар
** ҚҚШ - Құрылымдық және қосымша іс-шаралар, ҚШ - Құрылымдық іс-шаралар
2005 жылға дейін Қазақстанда ТЕМПУС бағдарламасын үйлестіруді ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырды. 2005 жылдың маусым айында Қазақстандағы Темпус бағдарламасының ұлттық кеңсесі өз жұмысын бастады (қазір Қазақстандағы Эрасмус+ Бағдарламасының Ұлттық Кеңсесі).
Қазақстан, 050059, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza,
9-шы блок, 225-226 кеңсе,.
Тел.: +7 727 3118643 +7 727 3118645
E-mail: neo@erasmusplus.kz
Бұл вебсайт Еуропалық Комиссияның қолдауымен құрылды. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Комиссияның пікірлерін көрсетпейді. Комиссия онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.
.