Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментімен, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, "Эразмус+ жобаларының Қазақстандағы жоғары білім беруді жаңғыртудағы рөлі: олардың ықпалы мен тұрақтылығы" атты Қазақстандағы Эразмус+ жобаларының Көрмесін ұйымдастырады.
Көрменің мақсаты - мультипликативті әсерді күшейту және тәжірибені тарату үшін Эразмус+ ЖББӘА жобаларының жетістіктері мен нәтижелерімен кең ауқымды мүдделі тараптарға таныстыру.
Көрме шеңберінде командалар жобаларды іске асыру тәжірибесін, олардың нәтижелері мен жеке, институционалдық және Ұлттық деңгейлердегі ықпалын, олардың орнықтылық әлеуетін ұсынды.
Жобалардың постерлерін мына сілтеме бойынша көруге болады: https://drive.google.com/drive/folders/1l-2DJ1TO1i77e_Q_LIpDBa3mI84PD-ER?usp=sharing
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
TAME
Медициналық қателіктерді болдырмауды оқыту
ChildCA
Орталық Азиядағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді жаңғырту үшін үлгі ретінде балаларды күту саласындағы оқытуды жетілдіру
ModeHED
Университеттерде медициналық білім беруді жаңғырту
ProlnCa
Медициналық қызметке өту кезінде мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭНЕРГЕТИКА, ЭКОЛОГИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
IUCLAND
Еуропа-азиялық елдеріндегі жерді қорғау саласындағы университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық
AsiAxis
Таза орта үшін жылу энергетикалық жүйелері бойынша PhD дағдыларын дамытуда параллельді жақсартуларымен қатар университеттік оқытуды жетілдіру
TREASURE-WATER
Су ресурстарын тұрақты пайдалану үшін Транс-өңірлік экологиялық хабардар болу
NICoPA
Нақты егіншілік бойынша жаңа және инновациялық курстар
ECAP
Қоршаған ортаны қорғауға және жер ресурстарын басқаруға бағытталған Орталық Азия университеттерінің ауыл шаруашылығы саясатындағы құзыретін арттыру
SARUD
Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту
EduEnvi
Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқару құзыреттілігін арттыру
АКТ, ИНЖЕНЕРЛІК ІС, РОБОТОТЕХНИКА, ҒАРЫШ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
APPLE
Ғарыш кеңістігін және зияткерлік роботтандырылған жүйелерді игеру жөніндегі қолданбалы оқу бағдарламасы
HiEdTec
Орталық Азиядағы жоғары білімді жаңа технологиялар арқылы жаңғырту
LMPI
Кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілік ету, басқару және қорғау бойынша бакалавриат және кәсіби магистратура бағдарламасы
CLASS
Орталық Азия университеттерінде есептеу лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарлама әзірлеу
ENTER
Инженерлік іс оқытушыларын педагогикалық даярлау
ECCUM
Математикалық инжиниринг бойынша есептеу орталықтарын құру және магистрлік бағдарламаны әзірлеу
SMARTCITY
«Ақылды қала» технологиялары бойынша магистрлік бағдарламаға инновациялық көзқарас
CАПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
KUTEL
Қазақстан университеттері жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқыту сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіруде
C3QA
Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгейдің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеулерді халықаралықтандыруды ілгерілету
PAWER
Өңіраралық ұтқырлық және сәйкестік, сапа мен теңдікке қол жеткізуді қамтамасыз етуіне жол салу
МЕНЕДЖМЕНТ, ЛОГИСТИКА, КӘСІПКЕРЛІК, КӘСІПОРЫНДАРМЕН СЕРІКТЕСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
InnoCENS
Инженерлік білім беру саласында инновациялық құзыреттіліктерді және кәсіпкерлік дағдыларды арттыру
LogON-U
«Жасыл логистикалық менеджмент» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру: АКТ саласындағы тұрақты логистикалық менеджмент және құзыреттілік арқылы Транс-Еуразиялық қол жетімділікті ілгерілету
ProdLog
Ресурстық тиімді өндірістік логистика бойынша Болон қағидаттарына негізделген магистрлік бағдарламаны әзірлеу
CACTLE
Оқыту, үйрету және кәсіпкерлік Орталық Азия орталығын құру
ENINEDU
Жаңа әлеуметтік орта шарттарына сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың бірігуін күшейту
EEIHSR
Жылдам теміржолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы
ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУ, ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕСТУ, ЖАҢА ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІС ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
TRUNAK
Қазақстандағы университеттік автономияға көшу
ACADEMICA
Оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімге қолжетімді ету және үйлестіру
WELCOME
Жаңа халықаралық университеттік қауымдастықтарға ашылу
STEM
STEM-бағыттағы мұғалімдерді дайындаудың біріктірілген тәсілі
SUSDEV
Тұрақты даму бойынша өмір бойы оқу
DIREKT
Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту
GUEST PRESENTATION - UZBEKISTAN
DSinGIS
Doctoral Studies in GeoInformation Sciences
Данный вебсайт создан при поддержке Европейской Комиссии. Содержание вебсайта является предметом ответственности авторов и не отражает точку зрения Европейской Комиссии. Комиссия не несет ответственность за использование информации, которая в ней содержится.