****
Құрметті достар!
Бұл вебсайтты білім беру, оқыту, спорт және жастарды дамыту салаларындағы жаңа еуропалық Эразмус+ бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің командасы (НЕО) әзірледі.
Эразмус+ бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс істей бастағанына қарамастан, аз уақыт ішінде елімізде кеңінен танылған Темпус және Эразмус Мундусты қоса, бірнеше еуропалық бағдарламалардың орнын алмастырды. Бағдарлама жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ білім беру, оқыту салалары және жастар саясатына жаңалықтар енгізуге бағытталған.
Бұл сайтта Эразмус+ бағдарламаларының ерекшеліктері, оның Қазақстандық жоғары оқу орындары мен үміткерлерге беретін мүмкіндіктері, бағдарламаға қазақстандық ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуы, бағдарлама аясында өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қош келдіңіздер!
Эразмус+ бағдарламасы туралы толық ақпаратты Сіз Эразмус+ бағдарламасы туралы нұсқаулықтантаба аласыз.